Қара сөз деген не?

қара сөз

Сарапшы Asked on 31.03.2016 in IT.
Пікір
2 Answer(s)

Қара сөз (проза) — көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы — онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Сөйтіп, әдебиетте өлең мен қара сөздің бір-біріне қарағанда жасалу жолдары да, мәні де, әсері де өзгеше келеді. Біраз уақыт поэзияға қарағанда қара сөзкөркем шығармаға жатпайды дегендерде болды. Қара сөздің нақты сөз өнері екені орыс әдебиетінде Пушкин заманында терең таныла бастады. Расында поэзияға қарағанда қара сөздің кеш дамығаны белгілі. Сөйтсе де, ежелгі және орта ғасырда оның алғашқы белгілері болған. Ертегі, аңыздар қара сөз түрінде туған.

Сарапшы Answered on 31.03.2016.
Пікір

Абайдың қара сөздері

Сарапшы Answered on 09.06.2016.
Пікір

Сіздің жауабыңыз

By posting your answer, you agree to the privacy policy and terms of service.